
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Ата-аналар балалар мекемесіне жолдаманы беріп өзара міндеттемелері туралы келісім-шартқа қол қойған соң балабақша әкімшілігі баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдайды, бала автоматты түрде тіркеу есебінен алынып тасталады.
Бірінші кезекті орынды алуға мыналар құқылы:
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру туралы»
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік мәселесін шешу мақсатында ҚР барлық аумағында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бірыңғай кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін жүйесі әзірленді.
Жүйе автоматты түрде электрондық поштаға және ұялы телефон нөміріне одан арғы әрекеттер реті көрсетілген сіздің кезегіңіз келгені туралы хабарлама жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен жүйеге кіріп, мектепке дейінгі ұйымды таңдап, таңдауға ЭЦҚ арқылы қол қойып жолдаманы алу керек, оны баланы тіркеу үшін балабақшаға алып барады.
Кезекті басқару жүйесі мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдаманы беру кезінде өтініш берушінің өтінішін мұрағатқа орналастырады.
Стандартта мектепке дейінгі жастағы балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:
Тескенсу ауылы , Розыбакиева көшесі, құрылыс 25 , «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, телефон 8 (72776) 7-40-49
«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ