
Әлібек Әскербекұлының кезекті жұмыс сапары Бәйтерек ауылдық округінде жалғасын тапты.
Аудан басшысы Әлібек Жақанбаев кездесу барысында жергілікті тұрғындардың арасындағы өзекті мәселелер бойынша тыңдады. Ең бастысы ауыз су - үш ауылдың да басты проблемаларының бірі. Алға және Қойшыбек ауылдарында бір су мұнарасын, ал Бәйтерек ауылында бірден екеуін орнату қажет, өйткені халық саны көп, осыған орай халықты қажетті сумен қамтамассыз ету мәселесі шешіледі. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар арасында ауыз суды қаншалықты тұтынатынын ескере отырып, Әлібек Әскербекұлы тиісті бөлім басшыларына осы мәселені шешу жолдарын қарастыруды және ұсыныс енгізуді тапсырды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамаға өтінім берілді, аталмыш жұмыс аудан әкімінің тікелей бақылауында.
Алға ауылының тұрғындарының бірі елді мекенге кіреберіс облыстық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарының қажет ететін айтып өтті.
Ал Қойшыбек ауыл тұрғындары ауылдың жайылымдық жерлер мен суармалы су мәселесі ауыл тұрғындарының өзекті мәселесі екенін айтты. Сонымен қатар олар ауылға жаңа мектеп құрылысы мен ФАП және халықты газдандыру мәселесі мен балаларға ойын сауық алаңы туралы сұраныстарын айтып өтті кезегімен.
Осы мәселелердің өзектілігін ескере отырып, аудан басшысы жоғарыда аталған мәселелерді шешуге және тиісті қаражат қарастырылатынын нақты айтып өтті.