"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

Аталған мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген 28-параграфқа сәйкес мөлшерде есептеледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
  • Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

 

Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-9-81.

 

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ