
1 кезең: жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
2 кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару:
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Толығырақ ақпаратты «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нен алуға болады. Мекен жай: Нұра ауылы, А.Еспергенов көшесі, №23А
Телефоны: 87277542015