
691-1 бабына сәйкес «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі), бөлшек салықтың арнайы салық режимін салық төлеушілер қолдануы мүмкін, егер олар: 1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта бизнес деп танылады; 2) осы режимді қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырады.
Бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративті табыс салығын немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңіндегі салық салу объектісіне 3% мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Арнайы бөлшек салық режимін қолдану үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтар бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төленеді. Сонымен қатар, Салық кодексінің 482 бабының 2-тармағының 1-тармақшасында енгізілген қосымшаға сәйкес екенін ескеру қажет бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды. Арнайы бөлшек салық режимі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін (екі жыл бойы) қолданылады. Бөлшек салық бойынша арнайы салық режиміне көшу жалпыға бірдей белгіленген салық салу процедурасынан немесе басқа арнайы салық режимінен мүмкін. Қосымша құн салығын төлеушілер (бұдан әрі ҚҚС), бөлшек салық бойынша арнайы салық режиміне ауысқан жағдайда, осындай арнайы салық режимі қолданылғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу мақсаттары үшiн айналымның мөлшері бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымы кірмейтіндігін ескеру қажет.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқарманың
бас маманы А.М. Анламасова