"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Мемлекеттік корпорация, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "электрондық үкіметтің" веб-порталы: egov.kz арқылы жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген сәтінен бастап – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: тегін негізде электрондық және (немесе) қағаз түрінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: кезекке қою туралы хабарлама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін сілеме арқылы көре аласыз https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883 .

     Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-9-81.

 

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ