ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі өзгертулер.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі өзгертулер.

Еңбекшіқазақ ауданына  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің назарына,  акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы бойынша әкімшілік жауапкершілікті түсіндіреді:

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің"  283 бабының 2-бөлігіне сәйкес: - акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы -құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Токкожаева А.М.