
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына келесіні хабарлайды, есепке алу құжаттамалырының болмауы және салықтық есепке алуды жүргізуді бұзу ӘҚБтК-нің 276 бабына сәйкес, келесі жауапкершілік көзделген:
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салықтық нысандардың, салықтық есепке алу саясатының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Токкожаева А.М.