Жер учаскесінің нысаналы мақсатын тек электронды түрде өзгертуге болады

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын тек электронды түрде өзгертуге болады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қағидаларға сәйкес, тек «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

2020 жылғы желтоқсаннан бастап Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы және ауылдық округ  әкімдерінің  аппараттарында «электрондық үкімет»  порталымен (бұдан әрі-портал) біріктірілген «е-лицензия» ақпараттық жүйесі орнатылған және жұмыс істейді.

Өтініш беру үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет, оны порталда немесе смартфондағы eGov mobile мобильдік қосымшасында да алуға болады.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

       1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші (деректерді толтыру барысында порталда қалыптастырылады);

       2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу,  қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде тиісті облысты таңдау қажет. Егер жер учаскесі елді мекен шегінде болса, онда өтінімді сіздің жер учаскеңіз орналасқан округ әкімінің аппаратына беру қажет. Егер жер учаскесі елді мекеннен тыс жерде орналасқан жағдайда, онда өтінім аудан әкімінің аппаратына беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі өтініш берген сәттен бастап 13 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:   көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, егер үйіңізде сіздің жер теліміңіздің нысаналы мақсатын өзгертуге өтінім беруге мүмкіндігіңіз болмаса, немесе мұның қалай жасалып жатқанын түсінбесеңіз, Ават ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараттарында  «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына» баруға шақырамыз.

Толығырақ ақпаратты «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нен алуға болады. Мекен жай: Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №88

Кеңес алу үшін телефондар: 8 (72775) 64-2-16, 64-2-71