Алматы облысының әкімі қандай салаларда тұрақты өсім байқалып отырғанын айтты

Алматы облысының әкімі қандай салаларда тұрақты өсім байқалып отырғанын айтты

Жыл соңына қарай Алматы облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетеді, шикізаттық емес экспорт 400 млн АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

"Қазірдің өзінде іске қосылған "Маревен Фуд", "Лукойл", "Willo" кәсіпорындарының және ағымдағы жылы іске қосылатын Алацем Цемент және Фид Миллс құрама жем зауыттарының өндіріс көлемі 165 млрд теңгені құрайды. Болашақта ТҰК — ның тағы бес жобасын іске қосумен өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлесі 25% - ға жетеді", - деп хабарлады облыс әкімі.

Амандық Баталов бүгінгі таңда азық-түлік, сусындар, электр жабдықтары, дайын металл бұйымдары өндірісінде, фармацевтика мен құрылыс индустриясында тұрақты өсім байқалып отырғанын атап өтті.

"Жыл соңына қарай өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетеді, шикізаттық емес экспорт 6% — ға 400 млн АҚШ долларына дейін артады", - деп толықтырды облыс әкімі.