Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша Вебинар

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша  Вебинар

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша ZOOM бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы вебинар өткізді.

Вебинарға Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты тұлғалар және аудан әкімі аппаратының, Есік қаласы және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының 2021 жылдың 1-тоқсанындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау жұмыстарының қорытындысы талқыланды, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде электрондық форматта түсініктеме берілді.

 

 

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және

ақпараттық технологиялар бөлімі