ШЕЛЕК АУЫЛЫНДА 60 ПӘТЕРЛІК ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШЕЛЕК АУЫЛЫНДА 60 ПӘТЕРЛІК ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шелек өңіріндегі ауыл округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысу барысында аудан басшысы Әлібек Жақанбаев Шелек ауылдық округіне ат басын бұрды. Сапар барысында аудан басшысы Шелек ауылдық округ әкіміне бұрын жүктелген міндеттердің орындалу барысын тексерді.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған монумент пен шағын саябақтың жобасымен таныса отырып, осыған сәйкес тиісті бөлім басшыларына жер учаскесін тез арада шешу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі Сәкен Әбдіхалиевке Шелек ауылында мамыр айында басталған 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысының сапасын қатаң бақылауды тапсырды.
Сондай-ақ, ол осы айдың соңында басталатын «Шымболатов орталық саябағын абаттандыру» жобасы бойынша жұмыстарды және «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарымен танысты. Осы бағыттар бойынша аудан басшысы нақты тапсырмалар беріп, солардың орындалу барысын қатаң бақылауына ұстауды ескертіп айтты.
____________