
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың сөзінше, «Ashyq» бойынша жұмыс істейтін 381 нысанның 312-і жобаның қатысушы, 69-ы сынақ режимінде жұмыс істейді.
«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы облысы «сары» аймақта, ал Талдықорған қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Бірақ «Ashyq» жобасының арқасында 381 нысан барлық санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отырып, өзгеше шарттар бойынша жұмыс істейді. Жобаға кәсіпкерліктің барлық салалары дерлік қосылды деуге болады. Өңірлерде СЭБ қызметімен бірлесе бизнес өкілдері арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жалғастырудамыз», - деп атап өтті Әсет Шаяхметов.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қосымша Талдықорған қаласында енгізілген сәттен бастап «сары»мәртебесі бар 29 адам және «қызыл» мәртебесі бар 31 адам, Панфилов ауданында бір «қызыл» және бір «сары» мәртебесі бар адам, Ескелді ауданында «сары» мәртебесі бар бір адам анықталды.