АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АУДАНЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ ДРАЙВЕРІНІҢ БІРІ БОЛЫП САНАЛАДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АУДАНЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ ДРАЙВЕРІНІҢ БІРІ БОЛЫП САНАЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Әлібек Жақанбаев "Alma Mater Fields" ЖШС мекесімен танысты.
Бұл ұйым Еңбекшіқазақ ауданындағы алма өсіру, сақтау және экспортаудың ең ірі жобалардың бірі. Жобаның жалпы құны 8,5 млрд теңгені құрайды және жоба 2017 жылдан бастап Қаратұрық ауылдық округінде жүзеге асырылуда. Осы жылдар ішінде келесі жұмыстар жүргізілген болатын: - 125 га жерге тамшылатып суару жүйесін қолданып интенсивті алма бағын отырғызу; - 90,5 гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолданып интенсивті алма бағын отырғызу; 3600 тоннаға арналған РГС жүйесі бар жеміс-жидек сақтау қоймасының құрылысы; - 167 гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолданып интенсивті алма бағы отырғызылды. Ал 2020 жылдан бастап Асы ауылдық округінде 95 гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы интенсивті алма бағының құрылысы салынды. Аталмыш ұйымда бүгінгі таңда тұрақты 30 адам жұмыс істесе, маусымында шамамен 300 адамға жетеді және бір адамның орташа жалақысы шамамен 90 мың теңгені құрайды - деп өз сөзінде «Alma Mater Fields» ЖШС-нің басшысы айтып өтті.

Сонымен қатар, Әлібек Әскербекұлы М.Әуезов атындағы орта мектептегі бастауыш білім беру мектебінің ғимараты типтік емес және мектеп жанына қосымша ғимарат қажеттігін бойынша мектеп директоры өз ұсынысын айтты. Осы ақпаратты негізге ала отырып, аудан басшысы жаңа мектептердің құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті, өйткені аудан бойынша 20-ға жуық мектеп бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес келмейді сол үшін алдағы уақытта қосымша ғимарат салуды басты назарға алатынын айтып өтті.
Қызылшарық ауылында мәдени орталықтың құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаға қаражат бөлініп, конкурстық процедуралар жүргізіліп жатқанын ескертіп өтті . Мәдениет үйінің құрылысына қаржы мәселесі қаралған соң кейінгі жылдары басталатын болады.