
Құрметті салық төлеушілер!
Салық төлеуші – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемені орындауға, салық агенті салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға міндетті. Салық міндеттерін орындамаған кезінде салық төлеушіге Салық Кодексінің 116 тармағына сәйкес қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі.
Осы тәсілдін бірі салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеуi болады. Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеудi Салық кодексінің 120 бабынанда көрсетілген шешімнің негізінде:
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi) салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi) салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң;
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеуді салық органы: осы салық төлеушіге (салық агентіне) меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі және (немесе) оның балансында тұрған; халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлікке қатысты жүргізеді.
Билік етуді шектеуге: тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; электр, жылу және өзге де энергия түрлері;сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды.
Салық төлеуші (салық агенті) билік ету шектелген мүліктің, табиғи тозу және (немесе) қалыпты жағдайларда сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу алынғанға дейін өзгермеген қалпында сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қорытындысында салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу болмау үшін салықтық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау қажет.
Берешек туралы мәлемметі сайт www.kgd.gov.kz немесе ЭЦҚ (кілт) арқылы «Электрондық үкімет порталы» egov.kz бойынша, салық әмиянының қызметі e-Salyg арқылы көреласыз.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
МКБ-ның мәжбүрлеп өндіріп алу
бөлімінің бас маманы А.Б.Байшыгашева