Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттіліктің, моральдық-этикалық қасиеттер мен этикалық тәртіптің және әдептілік мінез-құлықтың пайда болуына негізделген. Талап қою мен сұрай білу қабілеттілігі мемлекеттік қызметшінің кәсіби моральдық кодексінің ерекше нормаларының бірі болып табылады.  Талапшылдық сенімділік пен сыйластықтың көрінісімен үйлесуі керек, сонымен қатар адамға деген құрмет формаларының бірі ретінде әрекет етеді. Жинақы, мұқият болу қабілетімен және дұрыс жұмыс істеу нормасымен тығыз байланыса отырып әдептілікті сақтау. Іс жүзінде бұл өзін-өзі бақылау, ұстамдылық, әр түрлі жағдайлардағы тепе-теңдік пен әдептілік адамдармен жақсы қарым-қатынас пен түсіністікке қол жеткізуге ықпал етеді. Қызметкердің моральдық қасиеттерінің сенімді критерийі - оның беделі болып табылады. Оның бастауы - істі терең білу қажырлы еңбек, жоғары адамгершілік қадір-қасиеті, адал және шыншылдық   пен қарапайымдылық, өзіне және айналасындағыларға жоғары талап қою өтелген борыш пен жауапкершілік сезімі. Мемлекеттік қызметшінің беделі және оның жеке басының қандай да бір қасиеттерінің ерекше құндылығын тану нәтижесі ретінде мемлекеттік қызметші адамдарды жақсы білуге үйренуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің беделі оның жеке басының белгілі бір сапаларының ерекше құндылығын, маңыздылығын тану нәтижесінде әрекет ете отырып, жақсы үйренуі, адамдарды дұрыс түсінуі және ең алдымен өзін қоршаған ортада болуы керек.   Мемлекеттік қызметкер болу дегеніміз – әрдайым адамдармен өзін біркелкі ұстау, олармен тіл табыса білу, кез-келген уақытта өзін-өзі басқаруды жоғалтпау, өз сезімдерін дұрыс бақылай білуі керек. Мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесі адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетінен ғана емес,сонымен бірге сөйлеу мәнері мен әдебінен, сыртқы көрінісінен, жалпы өзін-өзі ұстауы мен мінез-құлықтың сыртқы келбетінен де қалыптасады.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

Құдайберген Б.Т.