
Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы мемлекет:
1.Жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
2.Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде, жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 559 бап (ары қарай Салық Кодексі).
Төлемақы төлеушілер мыналарды:
Заңды тұлға, өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою, мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға, өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған салық төлеушілерге қолданылмайды.
Мыналар, аталған төлемақыны төлеушілер болып табылмайды:
Мыналар салық салу объектісі болып табылады - мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі; пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Алиев О.Д.