
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Бұл мемлекеттік кірістер органдарының да басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік кірістер органдарының имиджіне неғұрлым теріс әсер етеді, салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушыларының сеніміне нұқсан келтіреді, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіреді.
Әрбір азамат сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсінуі тиіс, бәрімізге сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар жазасыз қалмайтынын түсінуміз керек.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 4-бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мынадай негізгі қағидаттары көзделген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы болып табылады;
3) жариялылық және ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану қағидаттарына негізделеді;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу болып табылады;
8) сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттарына негізделеді.
Мемлекеттік кірістер басқармасы өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша белгілі бір жұмыс жүргізеді.
Заңның талаптарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.
2021 жылдың 1 тоқсанында басқармадағы мемлекеттік қызметтердің 99%-ы электронды түрде көрсетілді (салық есептілігінің нысандарын қабылдау, қызметті тоқтатуға салықтық өтініштер, берешектің жоқ және /немесе бар екендігі туралы анықтама алу, салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру, есепке жатқызу және қайтару, тіркеуге қою, ҚҚС бойынша есеп, БКМ есепке қою), барлық көрсетілген қызметтер - 11 446.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсыну сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ қызмет алуға, салық органдарына баруға уақыт жұмсамауға және кезекте тұрмауға ыңғайлы. Электрондық түрде өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады, ол өтініштерге де электрондық түрде жауап алуға мүмкіндік береді.
"Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы" бөлімінің бас маманы Мергенбаева Т.