Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау кезеңмен 2021 жылдан бастап енгізіледі

Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау кезеңмен 2021 жылдан бастап  енгізіледі

Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау кезеңмен 2021 жылдан бастап  енгізіледі

 

1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап

  • Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары (зайыптары);
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары).

3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап

  • заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары);
  • дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары).

4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты.

Декларацияларды ұсыну мерзімдері 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:

1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

2) электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

"Салық төлеушілердің ақпараттарын

 қабылдау мен өңдеу және 

салықтық тіркеу орталығы " бөлімі