Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба.

 Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылдың 31 желтоқсан айыннан бастап ЕАЭО елдерінің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу және ҚР аумағынан ЕАЭО елдерінің аумағынан тауарларды әкету кезінде ТІЖ ресімдеу бойынша Пилоттық жоба іске асырылады.

ЕАЭО елдерінің аумағынан тауарлар импорты кезінде алушы мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін ТІЖ ресімдеуі қажет. ТІЖ болған жағдайда тауар-ілеспе құжаттарды сканерлеу қажеттілігі болмайды. ТІЖ болмаған жағдайда, тауарларды өткізу мониторингі навигациялық пломбаларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады.

ЕАЭО елдерінің аумағына тауарлар экспорты кезінде жеткізуші мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін ТІЖ ресімдеу қажет. ТІЖ болған жағдайда тауар-ілеспе құжаттарды сканерлеу қажеттілігі болмайды.

ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік тасымалдау кезінде пилоттық жобаның іс-қимылы қолданылмайды.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ