«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі

«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі

«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) және Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылардың санаттарының тізбесін айқындау туралы 2019 жылғы 25 шілдедегі №50-255 шешіміне сәйкес «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

      Тұрғын үй сертификаты денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы мамандардың қажеттілігіне және мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға 1 (бір) млн. теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде беріледі.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі.

      Орташа табыс бойынша соңғы 6 (алты) ай ішінде белгіленген шектен асып кеткен жағдайда отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаты беріледі.

Әлеуметтік көмек қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі.

      Әлеуметтік қолдау ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі.