
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі,
2)"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген сәтінен бастап – 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
4) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
5) білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
7) фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Басқа да толық мәліметтерді Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Бөлек ауылы, Заводская көшесі н/ж, тел: 8 (72775) 57-3-89
Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты