
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
Кірістерді декларациялауды іске асыру:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.
1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап
2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап
3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап
4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты.
Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар қандай декларация нысандарын тапсыруға тиіс?
Декларациялау жүйесіне енген кезде ативтер мен міндеттемелер туралы (250.00 - нысан) декларацияны тапсыратын болады.
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүліктер туралы (270.00 - нысан) декларацияны тапсыратын болады.
Декларацияларды ұсыну мерзімдері
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:
1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
2) электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
"Салық төлеушілердің ақпараттарын
қабылдау мен өңдеу және
салықтық тіркеу орталығы " бөлімі