Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі

Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі

назарына келесіні ұсынады:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.

       Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 266, 275 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 282 (бесінші бөлігінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның

құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары 

бөлімінің басшысы  Токкожаева А.М.