Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша Вебинар

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша  Вебинар

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша ZOOM бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы вебинар өткізді.

Вебинарға аудан әкімі аппаратының, Есік қаласы және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге және есептер жасау жауапты тұлғалар өкілдері қатысты.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі жұмысының қорытындылары, сондай-ақ "Talap"қолданбалы зерттеулер орталығы жүргізген мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2020 жылғы қоғамдық мониторингтің қорытындылары талқыланды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі