ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып,                   2021 жылғы наурыз айының 19-ы күні сағат 18-30-да Қазақстан  ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан ауылдық округіне қарасты Ж.Қайыпов ауылындағы 9 (тоғыз) көшеге тарихи жер – су және дәстүрлі атауларын беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Ж.Қайыпов ауылы:

  1. Азаттық көшесі;
  2. Береке көшесі;
  3. Атамұра көшесі;
  4. Таңсамалы көшесі;
  5. Шаттық көшесі;
  6. Аманат көшесі;
  7. Ақкент көшесі;
  8. Жерұйық көшесі;
  9. Аманжол көшесі.

Түсіндірме  жазбаша  хат

 

Жер мен көше атауы – елдіктің айнасы. Бүгінгі күні ономастика мәселелері өзекті мәселелерге айналып отыр. Тарихи жер – су атауларын қайтару, қайта атау -  өзіңнің туған жерінді аялау, сүю болып табылады.  Сондай-ақ адамзаттың тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. Кешегі тарих қойнауын жандандырып, бүгінгі жастарға танытып, ертеңгі ұрпаққа үлгі – өнеге етіп қалдыруда рөлі үлкен. 

1.Азаттық – еркіндік, еріктілік, бостандық;

  1. береке- ырыс, молшылық, мол;
  2. Атамұра – атадан балаға қалған мирас;
  3. Таң самалы – таңғы салқын жел;

5.Шаттық – думан, қуаныш-қызық; қызық, қуанышқа кенелген жұртшылық, ауыл-аймақ;

  1. Аманат – өсиет, мойынға алған міндет;
  2. Ақкент – қасиетті мекен, шағын қалашық;
  3. Жерұйық – жайлы қоныс, бейбіт мекен;
  4. Аманжол – жолы ашық, жолы сәтті.

 

 

«Қазақстан ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ