
1.Көрсетілетін қызметті берушілер: аудандардың, ауылдық окугтардың, кенттердің, ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері.
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация));
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) - тиісті АЖ орнатылған кезде болады.
1.Қызмет көрсету мерзімі:
Қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін сұрау жағдайларын қоспағанда, ол келіп түскен кезден бастап он бес жұмыс күніне дейін.
Көрсетілген мерзімге кезеңдер кірмейді:
Осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау тәртібін айқындайды.
1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 11 (он бір) жұмыс күні;
2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекітілген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні.
түрінде.
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесі пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік мақсаттары үшін берілген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензиялардың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттың көшірмелері қоса беріледі.
Қорам ауылдық округі әкім аппараты ММ