«Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2020 жылы көрсетілеген мемлекеттік қызметтері туралы есебін жария талқылау

«Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2020 жылы көрсетілеген мемлекеттік қызметтері туралы есебін жария талқылау

2021 жылдың 15 ақпанда «Қырбалтабай  ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі бойынша ауыл тұрғындарының  қатысуымен  жария талқылау өткізілді.

Жария талқылау қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы қағидаларын іске асыруды, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үнемі жетілдіруді, оларды көрсету үнемділігі мен тиімділігін  қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны,  барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы туралы мәселелері қарастырылды.

Жария талқылау бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп бағалансын. 

 

«Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ