Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша мінез-құлық стандарттары

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша мінез-құлық стандарттары

       Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіна сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімімен тәжірибесін өзі жүзегеасыратынкәсібиқызметінежұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
       Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

Әдеп кодексіне келесі стандарттар жатады: мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында
сөйлеу мен байланысты мінез-құлық стандарттары

Осыған байланысты мемлекеттік қызметті атқарушы тұлғаларға арналған қызметте және одан тыс, белгілі-бір мінез-құлық стандарттары бар. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
        1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
        2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
        3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

 

Орындаған: Қостанов М.Ж

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ

Телефон: 872775 2 06 84