VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

VII шақырылған  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы  ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

            Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 184016 азамат енгізілді, оның ішінде 131490 немесе 71,46 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

            Дауыс беруге 131490 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 5 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 689 сайлаушы дауыс берді.

   Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 132.

            Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

            Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

            «Nur Otan» партиясы-111087 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 84,57% дауысы

            «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-10281 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,83 % дауысы ;

            Қазақстан Халық партиясы-9756 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,43 % дауысы ;

            «ADAL» саяси партиясы – 234 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,18% дауысы.

            Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы-21 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-2 мандат;

Қазақстан Халық партиясы -2 мандат.

 

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы