
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ары қарай- ҚР ӘҚБтК) санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі ҚР ӘҚБтК-нің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 266, 275 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 282 (бесінші бөлігінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары
бөлімінің басшысы Токкожаева А.М.