
Жақында аудан басшысы Қ.Қашқымбаев құрылыс барысымен танысып, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Осылайша бірқатар ескертулер айтып, қысқа мерзімде түзетуді тапсырды.
Айта кетейік, аудан орталығында екінші шағын ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жобаға "Нұрлы жер"бағдарламасы бойынша 309 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй кезегінде барлығы 2713 адам тұр.
Келесі жылы жаңа тұрғын үй құрылысы үшін 180 шаршы метр үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.