Қызметті онлайн алу үшін
- Порталда авторизацияданөтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін пайдалануға болады.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру.
- Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ-не жолдамамен танысу.
Ескерту: Қоса берілетін құжаттардың барынша көп рұқсат етілетін көлемі - 5 МБ аспауы тиіс.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
- әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
- білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
- фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
- мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Қызметті көрсету нәтижесі:
Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-9-81.
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ