
2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бірқатар міндеттерді айтты.
Орта тап - дамыған елдер экономикасының негізі. Сондықтан, оның қалыптасуына Қазақстан барынша назар аударады. Яғни, пандемияда кезінде қалыптастыру өте маңызды. - Бизнес коронавирустық шектеулердің ауыр зардаптарынан айыққан жоқ, сондықтан оны жан-жақты қолдауды жалғастыру қажет. Төтенше жағдайлар кезінде көптеген салықтық жеңілдіктер қабылданды, бұл шағын және орта бизнестің жағдайына оң әсер етті. Олардың ішінде - кейбір салаларды мүлік салығынан босату, салық төлемдерін кейінге қалдыру, салықтарды мәжбүрлеп жинау шараларынан бас тарту және т.б. Салықтар мен төлемдерден жалақы қорынан босату танымал шара болды. Шағын және орта бизнес үшін босату 6 айға, ал ірі бизнес үшін 3 айға созылды. Бірақ, бұл шараны зардап шеккен салалардың тек шағын бөлігі ғана пайдалана алды. Сондықтан, Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдауында жыл соңына дейін шағын және орта бизнесті бюджеттен тыс қорларға аударымдардан жалақы қорынан (әлеуметтік және зейнетақы жарналары, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар) босатуды тапсырғаны өте маңызды. Сонымен қатар, мемлекеттік мүлік пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүлкін жалдау төлемдерін есептеу тоқтатылды, жалға беруден босату 1 қыркүйектен бастап қамтамасыз етілді.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқарманың
бас маманы М.М. Жумаханов