"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың. облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

         1.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) барынша жол берілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

4) Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

2.Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

3.Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар көрсетілетін қызметті берушіге бір данада мыналарды ұсынады:

1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

 

Толық ақпаратты Ават ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар!
              Мекенжайымыз: Ават ауылы, Тәуелсіздік ​ көшесі, 88;
              Тел.: 87277564216; 87277564271