
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 6-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктелмейтіндігін еске салады.
Атап айтқанда, мұндай өзгерістерге елді мекендер атауларының, көше атауларының, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлерінің (мекенжайларының) өзгеруі немесе ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлердің өзгеруі жатады.
Мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайы өзгерген кезде, жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары мен техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің мекен-жайы мекен-жайдың тарихи деректерімен көрсетіледі (жаңа мекен-жайдың жанында мекен-жайдың бұрынғы атауы жазылады). Мысалы, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 10 (бұрын Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10).
Сонымен қатар, құқық белгілейтін құжаттарда бұрынғы мәліметтер сақталады, бұл ретте Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау талап етілмейді
Қазақстандықтарға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін