
Қызметтің аты: Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау)
Қызмет алушы (қызмет тұтынушы): Жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметтті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін;
Көрсетілген қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тартады.
ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Қызмет бағасы және төлем тәртібі: Тегін.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі – шешім).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Толық мәліметті Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппаратынан ала аласыздар.
Мекен жайы: Қырбалтабай ауылдық округі. Қырбалтабай ауылы, Райымбек көшесі № 18, тел: 8(72775)5-32-31
Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты