
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығының 3- тарауының 8-тармағы, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы қараша айының 27-сі күні сағат 17:30 Қаратұрық ауылында А.Саттаров атындағы орта мектебінің, қараша айының 28-і күні сағат 17:30 Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов орта мектебінің мәжіліс залдарында тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, осы ауылдарда орналасқан 2 көшенің (тізім бойынша) атауын өзгерту туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Қаратұрық ауылы:
Ащысай ауылы:
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Түсіндірме жазбаша хат
Закиров Даут - 1921 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы Шелек ауданы Малыбай ауылында дүниеге келген.Малыбай ауылының 7 жылдық мектебін және Шелек ауылындағы орта мектепті бітірген соң, жастайынан бұғанасы қатар қатпастан туған ауылы Малыбайда қара жұмыс істеген.Ел басына күн туғанда 1942 жылы қаңтарда Ұлы Отан соғысына аттанған.Қан майданда Сталинград, Белград және Украина шайқастарына қатысып, Отан үшін от кешті, қар жамылып, мұз жастанды.Ауыр шайқаста екі рет жараланып,госпитальда ұзақ емделгеннен кейін екінші топ мүгедек деп танылып, елге қайтарылды.Соғыс жылдарында елге ашаршщылық пен күйзеліс қатар төнгенде ,Закиров Даут тән жараларына қарамастан ауылдың жағдайын жасауға ат салысты. Ел экономикасын көтеру жолында алдына үлкен мақсат қойып Алматы мал дәрігерлік институтына түсіп, үздік бітіріп,1958 жылдан бастап Қаратұрық ауылының председателінің көмекшісі және 2-ші,3-ші бөлімшелерде басқарушы қызметін атқарды. Закиров Дауттың Отан алдындағы ерліктері мен ауыл шаруашылығын дамытудағы алған марапаттары да аз емес. Өзінің он перзентімен қоса екі асыранды бала өсіріп, жеткізді. Оның балалары қазіргі кезде әр түрлі мамандық иелері атанып,еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.Закиров Даут 2005 жылы 85 жасында дүние салды.
Мырзағұлов Сейсенбек - 1902 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Ащысай ауылында дүниеге келген. 1919-1923 жылдары бастауыш сыныпта білім алды. Еңбек жолын 1937 жылдан ауылшаруашылық фермада қарапайым жұмысшыдан бастады.1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 373 атқыштар дивизиясында шайқаста болып, ауыр дене жарақатынан 1943 жылы елге қайтарылды.1944-1960 жылдары Тауқаратұрық ауылында әр түрлі жұмыстар атқарды. Өмірлік жары тыл ардагері Иманбекова Ултуармен отбасы құрды. Ортақ балалары болмады, жұбайымен бірге келген жалғыз ұлының оқуына, әрбиесіне зор еңбек етті. Сол баласынан бүгінгі күні бес немере, 9 шөбере тарады. Оның ұрпақтары қазіргі кезде әр түрлі мамандық иелері атанып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Мырзағұлов Сейсенбек 1986 жылы 84 жасында дүние салып, Ащысай ауылында жерленді.
Қаратұрық ауылдық округі әкімі А.Ілебаев