ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.
Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатыпалушылар мен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұданәрі-ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қағидаларына сәйкес(ҚР ҚМ 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығы) 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап құрылыс материалдарын сату кезінде ТІЖ ресімдеу және Виртуалды қойма модулін қолдану қажет.
ТІЖ ресімдеу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» 32-жолда NON SNT көрсете отырып, ТІЖ-сінсіз ЭШФ жазып беру мүмкіндігі бар (ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба қағидаларының 30-1-т.).
Пилоттық жобаның мақсаты ТІЖ-ны енгізуге жұмсақ көшу және салық төлеушілерге ТІЖ-ны міндетті түрде қолдануға дайындалу мүмкіндігін беру болып табылатынын атап өтеміз.
Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ уақтылы ресімдемегені, расталғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары көзделмеген.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»