Меню

Страницы

Статья

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді қайтару

Салық кодексінің 101-бабы 3-тармағына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтаруға жатпайтын алымдар мен төлемдерді қоспағанда) артық төленген (өндіріп алынған) сомасын, өсімпұлды есепке жатқызуды және қайтаруды салық органы ұлттық валютада мынадай тәртіппен жүргізеді:

тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарды жүргізу орны бойынша-осындай дербес шоттардың мәліметтері негізінде;

дербес шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша-салық төлеуші табыс еткен, тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асыру үшін бюджетке төлемдер төлеу көзделген іс-қимылдардың жетілдірілмегенін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 101-бабы 4-тармағына сәйкес есепке жатқызуды және қайтаруды салық органы мынадай тәртіппен есептелетін бес жұмыс күні ішінде жүргізеді:

1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда – осындай өтінішті салық органдары тіркеген күннен бастап…»

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.

 

Айта кету керек, Салық кодексінің 101-бабы 5-тармағы 2 тармақшасына сәйкес

            жатпайды:

            2) есепке жатқызу және қайтару:

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруы үшін алымның, консулдық алымның, автокөлік құралдары үшін төлемақының төленген сомасы:

жер учаскелерін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін беруі, жануарлар дүниесін пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану, мұндай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда;

есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы, салық төлеушінің осындай тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтату және бұрын алынған есепке алу-бақылау таңбаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтару жағдайларын қоспағанда;

салықтың, жер учаскелерін пайдаланғаны, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының артық төленген (өндіріп алынған) сомасы - осындай салықтар, төлемдер бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі оны табыс ету күніне дейін ұзартылған жағдайда.

 

Есеп, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
17 октября 2022
Дата обновления
17 октября 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы