9 қазанда Еңбекшіқазақ ауданының Жаңашар ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.
Әкімге үміткерлер саны – 3 адам, 3 адам - өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Жакежанов Сырым Мухатұлы – 2146 (50,89%); Жақабай Руслан Рыскелдіұлы – 56 (1,33%); Косжанов Марат Жәметұлы – 2015 (47,78%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 10 қазанда Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Еңбекшіқазақ ауданының Жаңашар ауылдық округінің сайланған әкімі болып Жакежанов Сырым Мұхатұлы тіркелді, 1988 жылы туған, Жаңашар ауылдық округі әкімінің орынбасары, Іле ауданы, Байсерке ауылында тұрады, өзін - өзі ұсынған, қазақ.