Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары).

Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары.

      Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
 -  жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
 -  қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
 - өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

 Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында
сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары

      Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.
      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметі мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
      Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жарияланымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асыра алады.
      Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның                                                                                                                      Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің  бас маманы Тураров А.А.

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
10 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы