Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты арқылы тегін жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Елді мекен шегінен тыс жерде орналасқан жер учаскелерін сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу үшін www.egov.kz (https://elicense.kz) «электронды үкімет веб-порталы» (бұдан әрі-портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Қажетті құжаттар:
1-кезең
2-кезең
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді:
1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналық мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 12 жұмыс күні.
2-кезең: жер учаскесіне құқығын беру туралы шешім - бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы аудан әкімінің қаулысы не мемлекеттік қызметтерді көрсетуден уәжді бас тарту.
Жұмыс кестесі:
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Аудан әкімінің аппараты - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұмы аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Байланыс телефоны: 87277520597
Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты