Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.
Қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) «Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «электронды үкімет» порталы арқылы өтініш беру керек.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1.көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші (деректерді толтыру барысында порталда қалыптастырылады);
2.жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, қажет болған жағдайда өзгертілген нысаналы мақсаты үшін кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу және қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде тиісті облысты таңдау қажет. Егер жер учаскесі елді мекен шегінде болса, онда өтінімді сіздің жер учаскеңіз орналасқан округ әкімінің аппаратына, егер жер учаскесі елді мекеннен тыс орналасқан жағдайда, онда аудан әкімінің аппаратына беру қажет.
Қызмет көрсету мерзімі – өтініш берген сәттен бастап 13 жұмыс күн ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі, не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Құрметті ауыл тұрғындары, егер үйіңізде сіздің жер теліміңіздің нысаналы мақсатын өзгертуге өтінім беруге мүмкіндігіңіз болмаса немесе мұның қалай жасалатынын түсінбесеңіз, «Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына» баруға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты Сөгеті ауылдық округі аппаратынан, Нұра ауылы,Еспергенов көшесі, 23А-үй мекенжайынан немесе 8 (72776) 4-20-15 нөмері бойынша ала аласыздар.
«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.