Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі аудан әкімдігінің Ведомствоаралық комиссия мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті алу кезінде "кедергісіз орта" құру мақсатында Асы және Малыбай ауылдық округі әкімдері аппараттарында қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының шамалы бұзылғаны анықталды: Аса ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында нашар еститін және саңырау адамдарды, сондай-ақ арбадағы мүгедектерді, нашар көретін адамдарды шұғыл эвакуациялау сызбасы жоқ, Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында пандустың үстіне шатыр салу қажет.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың ғимараттарында тұрғындар мен қонақтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Балалар үшін "балалар бұрышы" ұйымдастырылған.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.
Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылау посты құралы бойынша бақыланатын болады.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі