Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілерге салық төлемдерін жүргізу туралы мәлімет

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкесдербес бюджетті жергілікті өзін-өзі баскаруға (4-ші деңгейлі бюджеттер) енгізуді қарастыруынабайланыстыжергілікті бюджеттен (аудан бюджеттерінен) 8 түрлі салық түсімдерін аудан деңгейіндегі қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің Әкімінің аппаратының БСН-не жіберу керек.

            Баптың 1-тармағына 52-1 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салық түсімдері мыналар болып табылады:

 

            1) БЖК 101202 - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мыналарды мәлімдеген жеке тұлғалардың дербес салық салуға жататын табыстарынан жеке табыс салығы: 

- орналасқан жері – жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор үшін;

- тұрғылықты жері – басқа жеке тұлғалар үшін.

 

            2) БЖК 104102 - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан осы салық салынатын объектілер бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

 

            3) БЖК 104302 - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан елді мекендердің жерлеріне жер салығы;

 

            4) БЖК 104402 - тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық;

 

            5) БЖК 104401-  орналасқан жері олардың құрылтай құжаттарында көрсетілген аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы;6) БЖК 105430 - сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем:- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiндегi жарнаманы стационарлық орналастыру объектiлерi;- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң аумақтары арқылы өтетін аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiндегi жарнамаларды стационарлық орналастыру объектiлерi;- облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiндегi жарнаманы стационарлық орналастыру объектiлерi;- аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардан тыс ашық алаңқай.             Сондай-ақ 01.01.2022 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің кенттерінің Әкім аппаратының БСН ауыстырылды:-         БЖК 104501 – бірыңғай жер салығы, жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша;-         БЖК 105315 – жалға берілген жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем.             Сондай-ақ, бюджеттік сыныптама кодтарының санын оңтайландыру және мүлік салығын төлеуді жеңілдету мақсатында жеке тұлғалардың меншігіндегі барлық жер учаскелері үшін, жеке тұлғалардың меншігіндегі жер учаскелері, оның ішінде тұрғын үй қорында тұрмаған жер учаскелері үшін жеке тұлғаларға жеке ұстауға берілген гараждар орналасқан шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысы, салық 104102 бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі – БСК) бойынша төленуге тиіс.             01.01.2018 ж. бастап заңнамаға өзгерістер енгізілді, бірақ осы күнге дейін салық  төлеушілерден (жергілікті өзін-өзі басқаруға) қатысты төлемдер әлі де дұрыс емес келіп түсуде, одан кейін салық төлеушілерге айыппұлдар салынады.

 

 Жоғарыда айтылғандарға байланысты салық төлеушілерден салықтарды сауатты түрде төлеуді сұраймыз, осыған орай көрсетуді қажет ететін

деректемелер:

Бенефициар - әкім аппараты ММ …

БСН - әкімдік

ЖСК - KZ 240 701 05 KSN 0000000

БСК - KKMFKZ2A

Алушы Банк - "Қазынашылық комитеті" ММ»

Анықтама үшін телефон: 8 (727-75) 2-06-85

 

Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  есеп жүргізу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
16 сентября 2022
Дата обновления
16 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы