Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

Комитет 2022 жылғы 21 маусымдағы Еуразиялық Үкіметаралық Кеңесінің отырысында (бұдан әрі - № 11 ЕҮАК) «2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу мен оларды айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабының 10-тармағында көзделген тауарларды есепке алу жүйесін қолдану туралы» (бұдан әрі – Бурабай хаттамасы) өкімге қол қойылды.

№11 ЕҮАК 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына  мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ЕАЭО біріңғай кедендік тариф баждарының мөлшерлемелерімен және осындай баждарды мөлшерімен салыстырғанда неғұрлым төмен баждар ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбелеріне енгізілген тауарларды есепке алу жүйесіндегі ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Анықтама үшін: Бурабай хаттамсының 3 бабы 10 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға қосылу ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес ЕАЭО БКТ белгілеген кедендік әкелу баждарының мөлшемерлерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерімен қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды есепке алу жүйесін құруы тиіс (бұдан әрі – есепке алу  жүйесі, Тізбе). Аталған есепке алу жүйесі тізбеге енгізілген және басқа мүше мемлекеттерге әкетілетін тауарлар туралы мәліметтерді кедендік әкелу баждары БКТ белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленген тауарлар туралы ақпаратпен салыстыруды көздеуі тиіс.

Сонымен бірге, мүше мемлекеттер Қазақстан Республикасынан алып қою тауарларын өткізудің құқыққа сыйымдылығын бақылау мақсатында есепке алу жүйесін пайдалану дайындығын растағаннан кейін ЕҮАК-тың қарауына № 5 2016 жылғы 12 тамыздағы ЕҮАК шешімінің тиісті ережелерінің күшін жою туралы шешімінің жобасын тізбеден ЕАЭО елдеріне тауарларды әкетудің қолданыстағы тәртібін регламенттейтін №11 ЕҮК Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі -Комиссия) шешімінің 5-тармағына сәйкес қарауға енгізу қарастырылған.

Анықтама үшін: ЭШФ қағаз көшірмесі аумақтық мемлекеттік кірістер органының мөрімен расталады, сондай-ақ кедендік  декларацияның куәләндырылған көшірмесімен (ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері бойынша үшінші елдерден бұрын әкелінегн тауарларды қозғалған кезінде) не шығарылған жерінің  сертификатымен не тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесімен қоса беріліеді (басқа мүше-мемлекеттерден алдын әкелінген тауарлар қозғалған кезде).

Есепке  алу жүйесінде ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну жөніндегі  бастама және ЕҮАК № 5 шешімінің күшін жою, тауарларды ЕАЭО елдеріне әкету рәсімін оңайлату жөніндегі шаралар ретінде Қазақстандық тарапынан өткенін атап өту қажет.

Сонымен қатар, Электрондық шот фактура ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) Тауарларға арналған жол жүру жүк құжаты (бұдан әрі – ТЖК) негізінде экспорттық ЭШФ жазып беру кезінде автоматты режимде қалыптасатын «Қадағалану паспорты» (бұдан әрі – Паспорт) модулі әзірленіп, жұмыс істейтінін хабарлаймыз (Тізілімдегі тауарлар бойынша).

Паспортты қолдану ЕҮАК № 5 шешімінің 2-тармағында қарастырылған құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді, себебі осы құжаттар туралы мәліметтер электронды түрде Паспортта қол жетімді болады.

Модуль 4 дәліз бойынша құжаттарды дайындайды, олар: тауардың шығу түріне және оның тарихына байланысты жасыл, көк, сары, қызыл болып бөлінеді.

Жасыл дәліз – Үшінші елдерден немесе ЕАЭО елдерінен бұрын импортталған тауарлар бойынша ЕАЭО елдеріне экспортқа тауарға ілеспе құжаттар (ТД немесе 328.00 СЕҮ кіріс құжаттар болып табылады). Бұл ретте, тауарларды қадағалау тарихында тауар бойынша деректерді редакциялау жоқ. («Толық мәлімет» үлгісі «Жинақтау», «Бөлшектеу», «Қайта сұрыптау», «Деректерді өңдеу», «Әртүрлі өлшем бірліктері арасындағы конвертация») 

Көк дәліз - Үшінші елдерден немесе ЕАЭО елдерінен бұрын импортталған тауарлар бойынша ЕАЭО елдеріне экоспортқа тауарға ілеспе құжаттар (ТД немесе 328.00 СЕҮ кіріс құжаттар болып табылады).Бұл ретте, тауарларды қадағалау тарихында тауар бойынша деректерді редакциялау бар («Толық мәлімет» үлгісі «Әртүрлі өлшем бірліктері арасындағы конвертация» түрімен, олардың есебі автоматты түрде жүзеге асырылады (мысалы тонна килограмға).

Сары дәліз - ҚР-да шығарылған ЕАЭО елдеріне экспорттауға арналған тауарға ілеспе құжаттар, Егерде тауар ҚР-да өндірілген болса және кіріс құжаты «Өндіріс», «Қалдық», сонымен  бірге, Электронды сертификаттау жүйесінен (ЭСЖ) алынған сертификаттың тіркеу нөмірі СТ-1, СТ-KZ көрсетілген жағдайда беріледі.

Қызыл дәліз – Егер тауарлардың шығу көзін растамау және автоматты куәләндіру рәсімінен өтпеген тәуекелдер болған жағдайда беріледі. МКО қызметкерімен тексерілуге жатады және осындай қызметкердің ЭЦҚ-ен расталады.

Анықтама үшін:, ЭСҚ алынған СТ-1, СТ-KZ сертификаттың тіркеу нөмірі көрсетілмеген ҚР-да өндірілген тауар бойынша кіріс құжаты «Өндіріс» немесе «Қалдық»  болып табылады. Сонымен бірге, үшінші елдерден немесе ЕАЭО елдерінен алдын импортталған тауарлар бойынша ТД немесе 328.00 СЕҮ кіріс құжаты болып табылса, тіркеу нөмірі көрсетілмесе. Егерде тауарлар түрлері ЭШФ жазылған тауарлар түрлеріне сәйкес болмаған жағдайда, «Жинақтау», «Бөлшектеу», «Қайта сұрыптау», «Деректерді өңдеу», «Әртүрлі өлшем бірліктері арасындағы конвертация» Толық мәлімет» үлгісі қолданған жағдайда.

Қызыл дәліз бойынша Паспортты қалыптастырудың негізгі себептері: «Қалдық» үлгісі бойынша ВҚ-ға тауарларды енгізу; СТ-1 СТ-KZ, 328.00 немесе ТД көрсетілген тауарлар атауларының атауы сәйкес келмеуі; «Өндіріс» үлгісі бойынша тауарларды енгізу болып табылады, бұл ретте сертификациялау ақпараттық жүйесінде сертификаттар және тағы басқалар бойынша мәліметтер жоқ.

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
15 сентября 2022
Дата обновления
15 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы