ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.
Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.
- Алушының ТІЖ растауы мынадай жағдайларда:
1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;
2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде;
3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды өткізу кезінде:
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады;
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайды
4) тауарларды сатып алатын жеке тұлғаға өткізу кезінде оларды (оларды) жеке, отбасылық, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметті және жеке практикамен айналысатын адамдардың қызметін жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалану үшін;
5) аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген алушылардың атына ТІЖ ресімдеу кезінде талап етілмейді.
- Тауар қайтарылған жағдайда:
1) алушы бас тартқан ТІЖ бойынша – жеткізуші "бас тарту" мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тауарларды тасымалдауды жүзеге асырады;
2) алушы ТІЖ расталғанға немесе бас тартқанға дейін ТІЖ кері қайтарып алынған кезде – жеткізуші "кері қайтарып алу" мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тасымалдауды жүзеге асырады;
3) алушы бұрын растаған ТІЖ бойынша – алушы қайтаруға ТІЖ ресімдейді, бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын ресімделген ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
25-1. Қағидалардың 23-тармағы 3) тармақшасына сәйкес салық төлеушіге өткізілген тауар бойынша ТІЖ-да алушының "Шағын сауда нүктесі" санаты белгісі қойылған кезде тауарды қайтаруға ТІЖ ресімдеуді жеткізуші жүргізеді.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»