Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

274-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу.

  1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 Ескертпе егер жоғарыда аталған адамдар салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларациясында мәліметтерді толық емес немесе жалған ақпарат берсе, сонымен қатар осы қателігін түзеп қосымша салық есебін тапсырып толықтыратын болса ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ

Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің

бас маманы А.Исаев

Дата публикации
01 сентября 2022
Дата обновления
01 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы