Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып,                   2022 жылғы қыркүйек айының 19-і күні сағат 18-30-да Қазақстан  ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан ауылдық округі бойынша Ж.Қайыпов ауылындағы жаңа 2 (екі) көшенің атауына кісі атауын беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

 

Ж.Қайыпов ауылы:

  1. Ж.Қайыпов ауылының солтүстік батысындағы Жобаланған-2 көшесіне– Нұрғалиев Қойшыбай көшесі.
  2. Ж.Қайыпов ауылының солтүстік батысындағы Жобаланған-3 көшесіне– Жауғашев Қайырбай көшесі.

 

«Қазақстан ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ

 

Түсіндірме  жазбаша  хат

 

Жер мен көше атауы – елдіктің айнасы. Бүгінгі күні ономастика мәселелері өзекті мәселелерге айналып отыр. Тарихи жер – су, кісі атауларын қайтару, қайта атау -  өзіңнің туған жеріңді аялау, сүю болып табылады.  Сондай-ақ адамзаттың тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. Кешегі тарих қойнауын жандандырып, бүгінгі жастарға танытып, ертеңгі ұрпаққа үлгі – өнеге етіп қалдыруда рөлі үлкен. 

 

  1. Нұрғалиев Қойшыбай - 1923 жылы 10 мамырда Кеңес Одағының батыры Жүнісбай Қайыпов (Жаңа-Тұрмыс) ауылында дүниеге келген. 1931 жылы мектеп табалдырығын аттады. Бұл қазақты 1930-1932 жылғы аштық жырлап тұрған қиын кезең еді. 1938 жылы жеті жылдық мектепті бітірді. Осы 1938 жылы туған ағасы Нұрғалиев Байжолтай Кеңес әскерінің қатарына шақырылады. Ол ағасы 1942 жылы хабарсыз кетеді. 1942 жылы 11 наурызда Шелек аудандық әскери комиссары Кеңес әскері қатарына шақырды. Осы жылы Алматы қаласында әскери дайындықтан өтті. 1942 жылы 20 қыркүйекте Сталинград түбінде алғаш рет соғысқа қатысты. 1942 жылы осы соғыста бірінші рет иығынан жараланып, Кемеров облысында әскери госпитальда емделді. Емделіп шыққан соң 1943 жылы Роел Курск доғасы майданындағы 971 артиллерия полкінде 76 мм зеңберек бөлімшесі құрамында екінші көздеуші атқыш болды. Осы бағытта көптеген қалалар мен селоларды, станцияларды азат етуге қатысты. 1943 жылы тамызда екінші рет кеудесінен жараланып, Тула қаласындағы госпитальде үш ай емделді. 1944 жылы 3- ші Беларусия майданында соғысқа кірді. Армия генералы И.Д.Черияховский басқарған 11-ші армияның 8-корпусы 17 гвардиялық атқыштар полкінде пулеметшілер ротасында атқыш болды. Витебак қаласында үшінші рет сол аяғынан жараланып, далалық госпитальде жарты ай емделді. Осы Армияда «Ерлігі үшін»  медалін алған.  1945 жылы Шығыс Пруссияны азат етуге қатысты.

1945 жылы төртінші рет майданда жараланды. Германия жерінде Жеңіс күнін көріп, майдандастарымен қуанышқа бөленді. Майдандағы еңбектері үшін 1985 жылы Екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденін алды. «Жеңіске – 20 жыл», «Жеңіске – 30 жыл», «Жеңіске – 40 жыл» мерекелік медальдарын алған. «Ерен еңбегі», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері.  1946 жылы 6 тамызда әскер қатарынан босап, туған ауылына оралып, «Соц.Қазақстан» ауылында еңбек жолын жалғастырды. 1957  жылы  Қазақстан совхозы құрылды. 1958 жылы осы совхозда тракторшы болып еңбек етіп 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Жұбайы Нұрғалиева Тұрсында осы совхозда еңбек етті. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлгілі отбасы болды, 8 бала тәрбиелеп өсірді. Нұрғалиев Қойшыбайды соғыста көрсеткен ерлігі мен бейбіт өмірдегі ерен еңбегі үшін ауылдастары мақтан тұтады.

 

  1. Қайырбай Жауғашев - 1923 жылы Кеңес Одағының батыры Жүнісбай Қайыпов (Жаңа-Тұрмыс) ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Есік қаласында тоғыз жылдық білім алады. 1942 жылы наурызда Қызыл әскер қатарына шақырылады. Еңбекшіқазақ аудандық әскери бөлімі шақыртып алып, Қайырбайды Алматы қаласындағы №105 атқыштар дивизиясындағы полк мектебіне оқуға жібереді. Осы жылдың қыркүйегінде Сталинград майданына аттанады. Ерзова селосының түбінде жарақат алады. Калинин қаласының жанындағы дала госпиталінде 12 күн емделіп, әскери бөлімшеге қайта оралады. 1942 жылы 19 қарашада Калач қаласының түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Саратов қаласының госпиталіне жөнелтіледі. Емделіп шыққаннан кейін 1943 жылы наурызда Воронежде қайта құрылған әскери бөлімшеге жібереді. Воронежде дала майданының әскер құрамында жүріп, Красная дуга майданына қатысады. Полтавадан Днепр өзенінен өтіп, Кременчук қаласын жаудан азат етеді. Содан кейін полк Румынияға оралады. Сол жерде 1944 жылы Қайырбай Жауғашев Клуж қаласының түбінде үш рет жараланып, госпитальда екі ай жатады. 1945 жылдың қаңтарында Клуж қаласына алты айлық офицерлік оқуға жіберіледі. 1945 жылы қазан айында үш рет жарақат алған жауынгер есебінде Аға сержант атағы мен әскер қатарынан босатылған.

         Соғыстан кейін Алматы облысында қаржы бөлімінде, содан кейін партия жұмыстарында қызмет еткен. 1950 жылы онжылдықты бітіруі туралы жедел емтихан тапсырады. 1962 жылы Талғар ауылшаруашылық техникумын сырттай бітірген. 1976 жылдан бастап 3-ші бөлімшенің бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жауғашев Қайырбайды соғыста көрсеткен ерлігі мен бейбіт өмірдегі ерен еңбегі үшін ауылдастары мақтан тұтады.

 

Қазақстан ауылдық округінің әкімі                                                М.Сугирбеков

Дата публикации
18 августа 2022
Дата обновления
18 августа 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы